Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметкер қаза тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

Жарылыс
Кадр: Instagram / tarazlive.kz

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметкер қаза болғаны туралы ақпарат жария болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

"Өрт сөндіру командасының бастығы келісім-шарт қызметінің старшинасы Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков (1992 жылы туылған) инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру жұмысын тікелей басқарған. Ол жарылыс кезінде оқиға орнында көз жұмды. Нәдірбеков 27 тамыз күні таңертең хабарсыз кеткен әскери қызметшілер тізімінде болатын", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты. Министрлік әскери қызметкердің отбасына тиісті көмек көрсетеді.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Қорғаныс министрі онлайн-брифинг кезінде жарылыстан төрт адам қаза тауып, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады.

Апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929211-zambyl-oblysyndagy-zarylystan-tagy-bir-askeridin-qaza-tapqany-belgili-boldy/

pixel