Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі қалу мүмкін емес": Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған подполковниктің әйелі жанайқайын айтты

Опубликовано:

Александр Микропуло
Александр Микропуло: Instagram

26 тамыз күні Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жойқын жарылыстан облыстық Төтенше жағдай департаментіне қарасты "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мекемесі басшысының орынбасары, подполковник Александр Микропуло көз жұмды. Марқұммен қоштасу бүгін өтеді. Ал өрт сөндірушінің әйелі желіде өзінің жанайқайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Менің күйеуім алғашқылардың бірі болып өрт сөндіруге барып, жарылыстан көз жұмды. Азаматтық қорғау подполковнигі - Микропуло Александр Николаевич.

Бұл жарылыстың ауқымына қараңыз! Мұнда тірі қалу мүмкін емес. Біздің жігіттерді от пен ұшқын арасына неге жіберді? Техниканың қалай мыжылып қалғанын қараңыз, мықты деген Камаздың өзі металлоломға айналды.

Құмның астында қаншасы табылмай жатыр. Адамдарға мұндай сынақ не үшін, құдайым? Біреулердің кінәсінен неліктен басқалар ажал құшады?", - деп жазды марқұмның жұбайы @taraz_life парақшасында.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Оған қоса Қорғаныс министрлігі де төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен суреттерінің тізімін шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929403-tiri-qalu-mumkin-emes-zarylystan-koz-zumgan-podpolkovniktin-aieli-zanaiqaiyn-aitty/

pixel