Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда егіз бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласында егіз бала терезеден бір уақытта құлады. Біреуі алған жарақатынан көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, трагедия өткен жексенбі, 5 қыркүйек күні болған. Береке шағын ауданында 2020 жылы туған егіздер терезеге шығып, үшінші қабаттан құлап кеткен. Әкесі үйде ұйықтап жатқан. Ал анасы жұмыста болыпты. 

"Терезеде қорғаныс торы болмаған. Бір бала алған жарақатынан көз жұмды. Екінші баланың жағдайы әзірше белгісіз", - дейді құтқарушылар.

Атырау қаласында жыл сайын 5-6 бала терезеден құлап, қаза болып жатады.

Айта кетері, тура сондай жағдай Орал қаласында болған. Тамыз айында 6 және 3 жастағы екі бала қараусыз қалып, бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Екеуі де аман қалды. Ал Алматы қаласында көпқабатты үйдің терезесінен құлаған екі бала көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930994-atyrauda-egiz-bala-terezeden-qulap-bireui-qaitys-boldy/

pixel