Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жеңіл көлік жартастан өзенге құлап, бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

Өзен бойы
Қайғылы жағдай тіркелген өзен. Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Қайғылы оқиға Мұғалжар ауданындағы Елек өзенінің жағасында болды. Салдарынан бір адам көз жұмып, екіншісі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі Қандыағаш қаласының екі тұрғыны Volkswagen Passat көлігімен Елек өзенінің жағалауында келе жатып, суға қарай құлағанын жеткізді.

Апат салдарынан 59 жастағы жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті.

Қабырғасы сынған 45 жастағы жолаушы жағаға жүзіп жеткен. Оның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Полицейлер көлікті ауыр техниканың көмегімен өзеннен шығарған. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931439-aqtobe-oblysynda-zenil-kolik-zartastan-ozenge-qulap-bir-adam-qaitys-boldy/

pixel