Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда жаппай төбелес болды

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Көкшетауда жаппай төбелеске қатысушыларды тәртіп сақшылары оқиға орнында ұстады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұзақылық фактісі 8 қыркүйек күні сағат 02:51 шамасында тіркелген.

"102" пультіне Көкшетаудың ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

"Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары мен жедел-тергеу тобы дереу жіберілді", - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысушылар, 19-23 жас аралығындағы жастар ойын-сауық мекемесінде болған. Содан кейін мас күйінде жігіттердің бірі басқа топқа барып, сөзге келіспей қалып, жанжал туындаған.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің арқасында жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталды.

Төбелеске қатысы бар деген 4 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді, оның ішінде бұрын бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті де болған. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931566-koksetauda-zappai-tobeles-boldy/

pixel