Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы садақа кезінде жақын туыстар арасында төбелес шықты

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодағы кадр: t.me/krispitdk

Алматы маңындағы жаппай төбелеске қатысқандар анықталып, жауапкершілікке тартылуда. Белгілі болғандай, жанжал садақа беру кезінде жақын туыстар арасында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желіде таралып кеткен видеодағы жағдай 12 қыркүйек күні Іле ауданы "Сокол" бау-бақша қоғамының аумағында болған. Жанжалға қатысушылар садақаға жиналған туыстар екені анықталды.

"34 жастағы жергілікті тұрғын өзінің үйінде бірнеше адамға ас бергені анықталды. Іс-шара кезінде үй иесі мен мас туыстарының бірінің арасында жанжал болып, оның арты төбелескке ұласқан. Осыған байланысты полицияға қандай да бір шағым түспеді.

Қазір үй иесіне қатысты карантин режимін бұзғаны үшін материал жиналып, аудандық санитар дәрігерлерге жіберілді.

Ал төбелес шығарған ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабы (Соққы жасау) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысындағы жаппай төбелестің видеосы жарияланған еді. Оқиғаның той кезінде болғаны атап өтілді. Желідегі жазбада ағалар мен әпкелерден бөлек, ата-әжелер де төбелескендерге араша түсуге тырысқаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931906-almaty-oblysynda-sadaqa-kezinde-zaqyn-tuystar-arasynda-tobeles-syqty/

pixel