Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында парашютпен секірген әскери қаза тапты

Опубликовано:

жаттығу
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында әскерилердің оқу-жаттығу жиынында аспаннан секірген сарбаздың парашюті ашылмай, ол оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға 14 қыркүйекте болған.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер көз жұмды.

Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Бұрын марқұмның 50-ге жуық парашютпен секіруді орындағаны белгілі болды. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына да кірген.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932320-almaty-oblysynda-parasyutpen-sekirgen-askeri-qaza-tapty/

pixel