Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: polisia.kz

Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға 19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 19:43-те А.Оразбаева көшесіндегі бес қабатты №2а үйінде болған.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылғы қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барған.

Жабық бас-ми жарақатын алған қыз баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда егіз бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болғаны туралы жазған едік. Қайғылы жағдай болған сәтте әкесі үйде ұйықтап жатқан. Ал анасы жұмыста болыпты. Терезеде қорғаныс торы болмаған.

Одан бөлек, Ресейде зейнеткер терезеден құлаған бүлдіршінді қағып алып, құтқарып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Полицейлер мен қоғам белсенділері зейнеткердің бұл әрекетін жоғары бағалап, оны марапатқа ұсынды. Әжейге алғыс хат, джаз-клубқа шақырту мен гүл шоқтары сыйға тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932807-oralda-8-zasar-qyz-bala-tortinsi-qabattagy-terezeden-qulap-ketti/

pixel