Мәскеуде оқушы сынып жетекшісін өлтіремін деп қорқытты
Жарияланған күні:
Мәскеуде 16 жастағы оқушы мұғалімімен кезекті мәрте жанжалдасып, оны өлтіремін деп қорқытқан. Бұл туралы Telegram-дағы "Осторожно, новости" арнасы хабарлады.
Moslenta сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Белобородов атындағы №1564 мектептің оқушысы сынып жетекшісі Юлия Пенкинамен жиі араздасқан.
Бозбаланың тәртібі нашарлап, мұғалімі оған ескерту жасаған. Кезекті жанжал кезінде бала мұғалімді өлтіремін деп қорқытқан.
Сынып жетекшісі көмек сұрап, полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары мектеп оқушысының үйіне келіп, ішінде қару бар сейфті тапқан. Қару жасөспірімнің әкесіне тиесілі болып шықты.
Одан бөлек, сейфте ИЖ-27 мылтығы сақталған. Қарудың рұқсат мерзімі аяқталған.
Оқушының әкесі бөлімге жеткізілген, ал қару мен оқ-дәрілер сараптамаға жіберілген. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Пермь қаласындағы Пермь мемлекеттік университетінде атыс болғанын хабарлаған едік.
Атыс кезінде кейбір студенттер ғимараттағы терезе арқылы сыртқа шығып үлгерсе, енді бірі аудиторияларға тығылған. Атыс кезінде травматикалық қару қолданылған.
Соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек, атыстан 8 адам қаза тауып, 43 адам зардап шеккен.
Кейінірек желіде оқ жаудырды деп күдікке ілінген азаматтың суреті тарады.
Сонымен қатар, күдікті жігіттің әкесі сұхбат беріп, ұлы туралы айтып берді. Оның сөзінше, ұлы компьютерге әуес болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1934890-maskeude-oqusy-synyp-zeteksisin-oltiremin-dep-qorqytty/