Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бензин шашқан: Атыраулық тұрғын ағасының үйін өртеп жіберді

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атырау облысында мас ер адам ағасының үйін өртеп жіберді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 қазанда Қызылқоға ауданында болған.

"Аудандық полиция бөліміне сағат 17:30 шамасында Ойыл ауылдық округіне қарасты елді мекендердің бірінде тұрғын үй өртенгені туралы хабар түскен. Арызданушы әйелдің айтуынша, күйеуінің інісі ішімдік ішкен мас күйде үйдің ішіне жанармай шашып, өртеген.

Өрт салдарынан тұрғын үй толығымен жанып кеткен. Тұрғын үйдің иелері жанып жатқан баспанадан шығып үлгерген", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына тергеу тобы мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жедел жетіп, 55 жастағы күдіктіні ұстаған. Белгілі болғандай, күдікті өрт қою себебін отбасылық кикілжіңнің салдарымен түсіндірген. Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақан жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935544-benzin-sasqan-atyraulyq-turgyn-agasynyn-uiin-ortep-ziberdi/

pixel