Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты қайғырамыз": Павлодарда банк филиалының директоры жұмбақ жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: kopompo.ru

Павлодарда РБК банк филиалының директоры мезгілсіз қайтыс болғаны туралы БАҚ беттерінде хабарланған болатын. Бүгін банк ресми түрде бұл мәліметті растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Марқұм әйелдің денесі 5 қазан күні таңертең дүкеннің маңдайшасынан табылған. Осы орайда, банк басшылығы өз қызметкерінің өліміне қатысты тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуды өтінді.

"Bank RBK"АҚ Павлодар қаласындағы филиал директорының мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Басшылық пен ұжым орны толмас қайғыға байланысты біздің әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оның отбасына қажетті материалдық қолдау көрсетеді. Банк болған оқиғаның себептерін анықтау жөніндегі жұмыста тергеуге толық көмек көрсетеді. Бұл жұмыс аяқталғанға дейін банк тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды", - делінген банктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше сағат 07.13-те Павлодардағы Бектұров көшесі, 50/1 үйде орналасқан дүкеннің күнқағарынан 1972 жылы туған азаматшаның денесі табылды.

Сондай-ақ, Алматы тұрғыны баласын сабақ кезінде ұрып, балағаттаған мұғалім мен мектепті сотқа бергелі жатырғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935659-qatty-qaigyramyz-pavlodarda-bank-filialynyn-direktory-zumbaq-zagdaida-koz-zumdy/

pixel