Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеуде тұсына пышақ салған: Оралдағы кафеде болған төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: БҚО ПД

Оралда кафе жанында мас адамдар арасындағы төбелес қайғылы жағдаймен аяқталуға жақын қалды. Жанжалға қатысушылардың бірі кеудесінен пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Толық ақпарат Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында берілді.

Орал қаласындағы Қонаев ықшамауданында орналасқан кафелердің бірінде екі келушінің арасында жанжал басталғаны туралы 102 арнасына хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның орын алуына жол бермеді.

Оқиға орнына жедел келген полиция қызметкерлері 1984 жылы туған азаматтың кеуде тұсына пышақпен соққы тигізген 1976 жылы туған М. есімді азаматты ұстады. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес (дене жарақатын салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мас күйінде төбелескен екеуара арасындағы жанжалдың себебі анықталуда.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935977-keude-tusyna-pysaq-salgan-oralda-kafege-kelusilerdin-tobelesi-videoga-tusip-qaldy/

pixel