Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында оқушылардың көзінше жаға жыртысқан екі ұстаз елді дүрліктірді

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында мұғалімдер оқушылардың көзінше жаға жыртысты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Пікір білдірушілердің сөзінше, оқиға Түркістан облысы Көксу ауылындағы білім ордасында орын алыпты.

Даудың директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі арасында болғаны айтылды.

Ал мектеп басшысы мұғалімдер сабақ бөлу кезінде сөзге келіп қалғанын жеткізді. Оның сөзінше, ұстаздарды татуластыруға жасаған қадамынан түк шықпаған.

Қос мұғалім бір-біріне қол көтеруге дейін барған көрінеді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

"Мектебімізге бүгін Түркістан облысының бақылау департаментінің мамандары келді, тексеріп жатыр. Бұл кісілердің мәселелері мектепішілік әдеп кеңесінде де қаралды. Бірақ ол жерде де тиімді шешім шыққан жоқ. Құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, сол кісілердің шешімін күтіп отырмыз. Соттың да шешімін күтіп отырмыз", - білім ордасының басшысы.

Оның сөзінше, орынбасары тарапынан қоқан лоққы көрдім деген үшінші тұлға бар. Барлығы бір бірінің үстінен талап арыз түсіріп отыр дейді мектеп басшысы.

Автор: А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936041-turkistan-oblysynda-oqusylardyn-kozinse-bet-zyrtysqan-eki-ustaz-eldi-durliktirdi/

pixel