Татарстанда құлаған ұшақтың видеосы жарияланды
Опубликовано:

Татарстанның Мензелинск қаласының маңында бортында 23 жолаушысы бар ұшақ құлады деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
L-410 ұшағының бортында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі болған. Ұшақ Мензелинск қаласындағы қону жолағынан ұшқаннан кейін құлаған деп хабарлайды РИА Новости.
Ұшақтың құлаған орны анықталды. Үш адам жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Өзге жолаушыларды алып шығу қиындықтар туғызуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға арнай мамандар жұмылдырылды.
Алдын ала болжам бойынша, 16 адам көз жұмып, алтауы зардап шекті. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккен алты адамның біреуінің жағдайда ауыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша пилотар көз жұмды. Екі жолаушы ұшақтан тірі шығарылды. Жолаушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құлаған ұшақ 2014 жылға дейін қорғаныс министрлігінің балансында болған. Кейін әскери қимылдарға қатысудың ерікті бірлестігіне берілген.
Алдын ала болжам бойынша ұшақтың құлауына оның шамадан тыс жүктемесі себеп болуы мүмкін. Ұшақ 19 адамға лайықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936329-tatarstanda-qulagan-usaqtyn-videosy-zariyalandy/