Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысының Абай-Шахтинск тас жолында жол апаты болды. Жол апаты салдарынан екі 18 жастағы жігіт және 52 жастағы әйел көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 қазан сағат 14.00 шамасында Абай-Шахтинск автожолында "Лада Приора" көлігінің 19 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Нива-21213" көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіт рөлге ие бола алмай қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан апат орнында "Лада Приора" көлігінің 18 жастағы жолаушысы мен "Нива-21213" көлігінің 52 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы бір 18 жастағы жолаушы ауруханада көз жұмды.

"Медициналық мекемеге "Лада Приора" көлігінің жүргізушілері мен екі жолаушысы жеткізілді. "Лада Приора" көлігінің 18 жастағы жолаушысы есінен танып, ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысындағы ірі базар маңында жолдан өтіп бара жатқан егде жастағы әйелді көлік қағып кеткенін жазған едік. Азаматша оқиға орнында жан тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936584-qaragandy-oblysynda-zol-apatynan-us-adam-qaza-tapty/

pixel