Ақтөбеде әскери қалашық ауданындағы үй өртенді (видео)
Опубликовано:

Кеше Ақтөбедегі әскери қалашық аумағында қараусыз қалған үйден өрт шықты деп хабарлады облыстың ТЖМ ресми Instagram арнасы.
14 қазан сағат 15:34-те Ақтөбе қаласы әскери қалашық ауданында орналасқан қараусыз үйде өрт шыққаны жайлы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келгенде үйдің толық жанып жатқаны анықталды.
300 шаршы метр аумақты шарпыған жалын сағат 17:27-де толықтай жойылды.
Аталған шақыртуға 3 арнайы техника мен 9 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937208-aqtobede-askeri-qalasyqtyn-audanynda-ui-ortendi-video/