Тараздағы дәмханалардың бірінде жаппай төбелес болды (видео)
Опубликовано:

15 қазанға қараған түні Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде жаппай төбелес болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 01:22-де полицияға Тараз қаласында орналасқан дәмханалардың бірінде белгісіз біреулер қоғамдық тәртіпті бұзып, бір-біріне күш қолданғаны жайлы хабар түскен.
Оқиға орнында түсірілген видеоға сәйкес, бір топ адам екіге бөлініп төбелескен. Арасында тапанша ұстап жүргені де бар.
Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге дерек тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937264-tarazdagy-damxanalardyn-birinde-zappai-tobeles-oryn-aldy-video/