Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңындағы тас жолда болған жол апатының видеосы желіде тарады

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/kris_p_original

Желіде жеңіл көлік жүргізушісімен болған жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды. Кадрлардан оның қауіпті маневр жасап жатқан сәтте өзге көліктермен соқтығысқанын байқауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео бірден әлеуметтік желілердегі бірнеше парақшада пайда болды. Олардың бірі – kris_p_original.

Бейнежазбадан көлік жүргізушісінің қауіпті бұрылыстар жасаған сәтте өзге жүк көлігіне соқтығысып, үлкен жол апаты туындағанын байқауға болады. Видео астындағы сипаттамада жол апаты сағат 07:54-те Алматы-Қапшағай тас жолында болғандығы жазылған.

Осыған байланысты, қолданушылардың айтуынша, таңғы уақытта үлкен кептеліс туындаған. Бұл жағдайды "ҚазАқпарат" тілшісіне Алматы облысының полициясы түсіндірді.

Белгілі болғандай, апат бүгін Алматы-Өскемен тас жолының 19-шы шақырымында, көліктер оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқанда болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta көлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, сол бағытта келе жатқан "Газель" көлігімен соқтығысқан.

Содан кейін инерция бойынша ол Renault Duster көлігімен және жедел жәрдеммен соқтығысады", – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Lada Granta көлігі айып тұрағына әкетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937406-almaty-manyndagy-tas-zolda-zol-apaty-videoga-tusip-qalgan/

pixel