Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды
Опубликовано:

Алматы қаласының солтүстік-шығысындағы 167 шақырымында жер сілкінді. Бұл туралы "сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мәлімдеді.
Жер сілкінісі 16 қазанда 21 сағат 14 минут 30 секундта болды.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығыстағы 167 шақырымында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.4. MPV магнитудасы 3.5. Тереңдігі 20 километр", - делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар жер сілкінісінің дүмпуін сезбеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937471-qazaqstan-aumagynda-zer-silkinisi-boldy/