Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жол талғамайтын көлік аударылып, салондағы екі адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

1
Фото: Instagram/ policebqo

17 қазан күні Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда Chevrolet Niva көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан салондағы екі адам қаза тапты деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті өз Instagram парақшасында.

Ведомство дерегінше, 17 қазан күні Жалпақталдағы тас жолдың 84-шақырымында Chevrolet Niva автокөлігінің дөңгелегінде саңылау пайда болып, аударылып кеткен. Салонда 51 жастағы жүргізуші мен 40 жастағы жолаушы отырған. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты.

Тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937562-bqo-da-zol-talgamaityn-kolik-audarylyp-salondagy-eki-adam-qaza-tapty-foto/

pixel