Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда жаяу жүргіншілер жолында 37 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Опубликовано:

жол
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Теміртауда жаяу жүргіншілер жолында 37 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Ол алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдай 18 қазан күні таңғы 06:30- да Момышұлы даңғылының бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында болған. Toyota RAV4 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі даңғыл бойымен келе жатып, келіншекті қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан Теміртау қаласының 37 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Алдағы уақытта процессуалды шешім қабылданады",- деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.

Қазір әлеуметтік желіде марқұмның суреттері тарап жатыр. Желі қолданушылары жол апаты орнында оның ұялы телефоны мен суреттері табылып, туыстарына табысталғанын жазып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937711-temirtauda-zayau-zurginsiler-zolynda-37-zastagy-aieldi-kolik-qagyp-ketti/

pixel