Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үстіне алып тас құлап кеткен жігіттің видеосы қазақстандықтардың зәресін ұшырды

Опубликовано:

жігіт
Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Әлеуметтік желіде туристің үстіне алып тас құлап кеткен видео тарап, қазақстандықтардың үрейін ұшырды. Бейнежазбаға қатысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазнетте үстіне алып тас құлап кеткен жігіттің видеосы тарап жатыр. Расталмаған дерек бойынша, оқиға Алматы облысының тауларында болған", - делінген QUMASH Telegram каналында.

Осыған байланысты Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді. Ведомство видеоны түсірген операторға сілтеме жасап, оқиғаның екі жыл бұрын болғанын хабарлады.

"Бұл екі жыл бұрын (2019 жылдың жазында) Алматы облысы Текелі қаласының аумағында болды. Жігіт аман-есен, қазір Новосібір қаласында оқып жатыр", - деп түсіндірді оператор.

Сонымен қатар, ведомство аталған факті жайлы Алматы облысының ТЖД мен басқа да мемлекеттік органдарына хабар берілмегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1938186-zelide-ustine-alyp-tas-qulap-ketken-zigittin-videosy-tarap-zatyr/

pixel