Қордайда көлікпен жылқыны қағып кеткен жүргізуші мерт болды
Опубликовано:

Қордай ауданындағы тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқыны қағып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция хабарлауынша, "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автотрассасының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Және көлікте болған тағы 2 жолаушысы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр" ,-делінген ведомство хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1938363-qordaida-kolikpen-zylqyny-qagyp-ketken-zurgizusi-koz-zumdy/