Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

Алматыда ұшақ көлікке соқтығысты
Оқиға орнынан фото: Instagram / kris_p_original

Алматы әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысып қалды. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге таралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Транспорттағы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 22 қазанда болған.

Әуежайдағы жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің "Әуе транспортының қауіпсіздігі және эксплуатациясы бойынша ереже бұзу" 344-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазіргі таңда аталған іс бойынша барлық тергеу жұмыстары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1938400-almaty-auezaiynda-usaq-pen-kolik-soqtygysyp-qaldy/

pixel