Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жоғалған бала шөптің астында қалып қойған

Опубликовано:

1
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында іздеу салынған жеткіншек шөптің астында қалып қойған. Тексеру барысында оның денесінен жарақаттар анықталмады. Баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, 25 қазан күні сағат 22.30 шамасында Шарбақты ауданының полициясына Малиновка ауылының тұрғыны 2009 жылы туған жиені жоғалып кеткенін хабарлаған.  

Атасы жеткіншектің еркелігіне ескерту жасағаннан кейін ол үйден кетіп қалған.

"Баланы іздеуге аудандық полиция бөлімінің бастығы Елдос Нұрғалиев бірінші орынбасары Арман Мұқановтың басшылығымен жедел тергеу тобын жіберді. 12 жастағы бала шамамен сағат 16.00-де үйден кетіп, қайтып оралмаған.

7-сынып оқушысын іздеуге ауыл әкімі, мұғалімдер мен  ауыл тұрғындары да қосылды. Іздестіру шараларын жүргізу кезінде бірінші кезекте барлық құдық пен қараусыз қалған ғимараттар, ауылдың әрбір бұрышы, мектептер мен үйлер тексерілді. Іздеу шараларын түнгі уақытта жүргізу қиындық тудырды", - дейді полиция департаменті. 

Құзырлы органның дерегінше, кенет полиция қызметкерлері үйдің жанындағы шөп қораға назар аударған. Олар сол жерде шөп үйіндісінің астынан өздігінен шыға алмай қалған баланы тауып алған.

Полиция жасөспірімді аман-есен шығарып алып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. 

Ал баланың анасы полиция қызметкерлеріне ұлын құтқарғаны үшін алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939061-pavlodar-oblysynda-zogalgan-bala-soptin-arasynan-tabyldy/

pixel