Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық профессор Әмірлан Құсайынов өмірден өтті

Опубликовано:

профессор
Фото: ҚазБСҚА

27 қазан күні, 65 жасына қараған шағында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті президенті және Қазақ Америка университетінің негізін қалаушысы, профессор Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның сәулет-құрылыс саласындағы өмірі - өнеге, тағдыры - тағылым нар тұлғамыздан қапыда айырылып қалғанымыз қабырғамызды қайыстырды. Кісілік келбетімен, парасат-пайымымен, адами биік тұлғасымен, өзіндік берік ұстанымымен өз ортасынан ойып тұрып орын алған Әмірлан Айдарбекұлы, шын мәнінде, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болды.

Еліміздің ғылымын, білімін және адами капиталын дамытуға қосқан үлесі, іздегені-ізгіліктен жасағаны-жақсылықтан, айтқаны-ақиқаттан тұратын жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталмақ. Топырағы торқа, жаны жәннатта, тұрағы бейіште болсын!" , -делінген Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабарламасында.

29 қазан күні Халықаралық білім беру корпорациясында аза тұту күні деп жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939401-qazaqstandyq-professor-amirlan-qusaiynov-omirden-otti/

pixel