Алматыда жасөспірімдер арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды
Опубликовано:

Алматыда жасөспірімдер арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция аталған фактіні Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркегенін хабарлады.
"Жанжал жасөспірімдер арасында туындаған. Салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қолға түсті. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 27 қазан күні Алматы облысы Пенжім ауылында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында жаппай төбелес болды.
Салдарынан 16 жастағы жеткіншек зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды.
Кейін Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты. Құзырлы органның мәліметінше, бір топ адам бірқатар жекеменшік үйдің терезесін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырған.
Қазір аталмыш фактіге қатысты "Адамдар тобымен жасалған бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939440-almatyda-zasospirimder-arasyndagy-zanzal-pysaqtasumen-ayaqtaldy/