Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жол апаты болып, кірпіш қабырға 63 жастағы тұрғынның үстіне құлап кетті (фото)

Опубликовано:

1
Фото: NUR.KZ

Бүгін Павлодардағы Абай және Горький көшелерінің бойында жол апаты болды. Lada жүргізушісі Honda рөліндегі азаматқа жол бермей, екеуі соқтығысқан. Салдарынан ресейлік көлік жекеменшік үйлердің бірінің кірпіш қабырғасын бұзып кеткен. Қоршау жолдан өтіп бара жатқан адамға құлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Соққыдан кейін "ВАЗ" жүргізушісі жекеменшік үйдің қоршауын бұзып, ол жолда кетіп бара жатқан адамға құлаған. Зардап шегуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Honda жүргізушісінің жары мен қызы да жарақат алды. Ресейлік авто айыппұл тұрағына жеткізілді.

Қазір аталған фактіге байланысты тексеріс басталған. Өңірдің денсаулық сақтау министрлігі оқиға орнынан ауруханаға төрт адам жеткізілгенін мәлімдеді.

02
Фото: NUR.KZ

63 жастағы жаяу жүргінші оқиға салдарынан сол жақ жамбас сүйегінің жабық сынуы және сол жақ шынтақ сүйегінің жабық сынуы жарақатын алған.

Жергілікті тұрғындары Абай мен Горький көшелерінің бойында жол апаты жиі болатынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939930-pavlodarda-zol-apaty-bolyp-kirpis-qabyrga-63-zastagy-turgynnyn-ustine-qulap-ketti-foto/

pixel