Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жалдамалы пәтерге қызбен кездесуге барған жігітті ұрып-соғып, тонап кетті

Опубликовано:

Қос ғашық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордада жалдамалы пәтерге қызбен кездесуге барған жігітті бәзбіреулер соққыға жығып, тонап кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полицияға 24 жастағы қала тұрғыны шағым түсірген. Зардап шегушінің сөзінше, ол көшеде екі қызбен танысып, телефон нөмірлерімен алмасқан.

Екі күннен кейін қыздардың бірі жігітке WhatsApp-та жазып, таныстықты жалдамалы пәтерде жалғастыруды ұсынған. Осы үшін ер адам пәтерді бір тәулікке жалға алып, жаңа танысын кездесуге шақырған. Ал қыз құрбысын ерте келіпті. Ішімдік ішкен соң, бойжеткен мен жігіт жатын бөлмеге кеткен.

Содан 30 минут өткеннен кейін бөлмеге екі бейтаныс жігіт кіріп, зардап шегушіні кезек-кезек ұрып-соғып, ақша талап еткен. Жігіттер зардап шегушінің Iphone 12 ұялы телефоны мен Apple смарт сағатын тартып алған. Осылайша, жәбірленушіге 650 мың теңге материалдық шығын келген.

Жедел-іздестіру барысында полицейлер тонау жасады деген күдікпен екі қызды және 18-19 жастағы екі жігітті ұстаған.

Тергеу барысында жеңіл ақша тапқысы келген олар қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды. Күдіктілер қылмысын мойындап, Apple смарт сағаты тәркіленген. Дегенмен олар ұялы телефонды сатып үлгеріпті.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1940634-nur-sultanda-zaldamaly-paterge-qyzben-kezdesuge-bargan-zigitti-uryp-sogyp-tonap-ketti/

pixel