Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кетті
Опубликовано:

Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кетті. Бұл туралы Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Alau.kz сайтының дерегінше, Комсомольский даңғылы мекенжайындағы пәтерінен 87 жастағы тұрғын өлі күйінде табылды. Әжейдің денесінде азаптау белгілері болған.
Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде Майлин ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстады.
"Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 -бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201- бабына сәйкес, басқа ақпаратты жариялауға рұқсат етілмейді",- делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1941037-rudnyida-87-zastagy-azeidi-oz-paterinde-oltirip-ketti/