Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, алты адам зардап шекті

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: kstnews.kz

14 қараша күні Қостанай-Рудный тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш көліктің соқтығысуы салдарынан бір жолаушы қаза тауып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды "Костанайские новости".

Полиция мәліметінше, Kia Sportage көлігін басқарған 57жастағы астаналық Қостанайға бағыт алып бара жатқан. Бір уақытта ол бір бағыттағы "ВАЗ-2170" көлігімен соқтығысады. Екінші көліктің рөлінде 24 жастағы азамат отырған.

Осылайша, Kia Sportage қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, Рудныйдың 51 жастағы тұрғыны басқарған "ВАЗ-2115" көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1942159-qostanaida-zantursigerlik-zol-apatynan-bir-zolausy-qaza-tauyp-alty-adam-zardap-sekti/

pixel