Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ресейлік блогер жол апатынан көз жұмды (фото, видео)

Опубликовано:

Саид Губденский11
Саид Губденский. Фото:: instagram.com/said.gubdenskiy

Танымал ресейлік блогер Саид Губденский Мәскеуде жол апатынан қаза болды, деп жазады РИА Новости.

Жедел қызметтің басылымға хабарлауынша, жол апаты 20 қараша күні Кутузов алаңында үш көліктің қатысуымен болған.

Салдарынан BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы блогер Саид Губденский оқиға орнында қаза тапқан. Ал оның қасында болған жолаушы ауруханада көз жұмған.

Жол апатынан тағы бір адам зардап шеккен.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ресей мемлекеттік инспекциясының дерегінше, жол апатын BMW көлігін тізгіндеген азамат жасаған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo және Mercedes көліктерімен соқтығысқан.

Айта кетейік, марқұм блогердің Instagram желісінде 642 мыңнан аса оқырманы бар. Қазір олар Саид Губденскийдің отбасы мен жақындарына көңіл айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943185-tanymal-reseilik-bloger-zol-apatynan-koz-zumdy/

pixel