Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мас күйде көлікке отырған": Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол апаты85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанай облысында мас күйінде көлікке отырған BMW жүргізушісі Audi көлігімен соқтығысып екі адам қайтыс болды, тағы төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 21 қараша күні таңғы 5.30-да Рудный-Қостанай тас жолында болған.

Құзырлы органның мәліметінше, мас күйдегі BMW көлігінің 29 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Audi-мен соқтығысқан.

Салдарынан 31 жастағы Audi жүргізушісі мен салондағы бір жолаушы қаза тапқан. Тағы екі жолаушы дене жарақатымен, ауруханаға жеткізілген.

Сонымен қатар, ауруханаға түрлі дене жарақатын алған BMW жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілген.

Қазір аталмыш фактіге қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

BMW жүргізушісі Рудныйдың уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Осы орайда Қостанай облысының полиция департаменті жүргізушілерге жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943209-mas-kuide-kolikke-otyrgan-qostanai-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tauyp-4-adam-auruxanaga-tusti/

pixel