Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мал суаруға барған адам суға батып кетті

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында мал суаруға барған 62 жастағы адам канал суына батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында болған. Сол аумақтағы "Жасұлан" каналына мал суаруға барған 1959 жылғы азамат мұздың ойылып кетуі салдарынан каналға суға батып кеткен.

Марқұмның жансыз денесін тұрғындар өз күшімен шығарып алған. Төтенше жағдайлар мамандары және полицияға кейіннен хабарланған.

"Біз тұрғындардан қысқы уақытта мұзда жүруде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздікке баса назар аударылуы қажет", - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943306-qyzylordada-mal-suaruga-bargan-adam-suga-batyp-ketti/

pixel