Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектептен қайтып келе жатқан қызды тонаған жігіт қолға түсті

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда жасөспірім қызды тонаған жігіт ұсталды. Ол мектептен қайтып келе жатқан оқушының ұялы телефонын тартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз түсірген.

Оның айтуынша, қызы мектептен келе жатқанда белгісіз біреу оның қолынан IРhone ұялы телефонын тартып алған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде күдікті ұсталып, қамауға алынған.

"Полицияға жеткізілген 28 жастағы күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленді және иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944112-almatyda-mektepten-qaityp-kele-zatqan-qyzdy-tonagan-er-adam-qolga-tusti/

pixel