Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алып ағаш көлікті басып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: instagram.com/krisp__almaty

Әлеуметтік желіде Алматыда жеңіл көлікті алып ағаштың басып қалғаны жайлы видео тарауда. Бұл жайтқа қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар бір уақытта Instagram желісіндегі бірнеше топта жарияланды.

Төтенше жағдай Қалдаяқов көшесінің бойында Гоголь мен Әйтеке би көшелерінің аралығында болған.

Ведомство мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

"26 қараша күні сағат 13:19-да Медеу аудандық полиция басқармасына Қалдаяқов көшесінде ағаш Кia Rio көлігіне құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына "109" құтқару қызметі, "Алматы Тазалық" ЖШС және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді.

Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары аяқталып қалды. Мән-жай анықталуда", - дейді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944133-almatyda-alyp-agas-kolikti-basyp-qaldy-foto-video/

pixel