Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 7 баланың анасын өлтіріп кетті

Опубликовано:

Қылмыс орны74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

25 қарашада түнде Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында бір әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Басылымның мәліметінше, 35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Салдарынан ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақыттар қылмыстың себебі анықталып жатыр. 

Басылым дерегінше, қаза болған әйелдің артында күйеуі, жеті баласы қалған. 

Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген өңірдің полиция департаменті қайғылы жағдай туралы кейінірек толық ақпарат беретінін мәлімдеген. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен пышақ жарақатын алған қыздың денесі табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944172-atyrau-oblysynda-7-balanyn-anasyn-oltirip-ketti/

pixel