Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда төбелескен оқушылардың ата-анаcы айыппұл төледі

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: zakon.kz

Атырауда төбелескен оқушылардың ата-анаcы айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы мектептердің біріндегі оқушылар арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тараған.

Аталған мектептің директорының айтуынша, 10-сынып оқушылары сабақтан кейін үйіне қайтар жолда бір-бірімен келіспей қалған. Келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласқан.

"Төбелес жайлы естіген бойда оқушыларды, олардың ата-анасын мектепке шақырып, мән-жайды анықтадық. Ата-аналар да, балалар да өзара келісімге келіп, татуласты. Оқушылар сабаққа қатысып жүр. Кейіннен ата-аналары өзара келісе алмай, екеуі де мектепке ескертпестен сотқа шағымданған.

Ата-аналарды мектепке қайта шақырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшілігінің ықпалымен ата-аналар өзара ымыраға келіп, татуласты. Сот шешімімен ата-аналар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төледі. Қазір төбелескен оқушылардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы түзелді", -дейді директор Ару Сүндетқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944195-atyrauda-tobelesken-oqusylardyn-ata-analary-aiyppul-toledi/

pixel