Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында үш көліктің қатысуымен болған жол апатынан 13 жастағы бала қаза тапты

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: СҚО ПД

Алматы облысы Есік қаласына жақын жерде үш бірдей көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан 13 жастағы бала көз жұмды. Облыстық полиция департаменті жаппай жол апатына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол апаты түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда соқтығысқан көліктер көрсетілген. Қайғылы оқиға 27 қарашда Құлжа тас жолындағы Ават ауылында болғаны атап өтілген.

"Кейбір деректер бойынша жол апаты салдарынан 13 жасар бала көз жұмды, жүргізуші тірі. Сақ болыңыздар", - делінген жазбада.

Алматы облысының полиция департаменті жол апаты болғанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, Kia Sportage, Volkswagen Golf және Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан.

"Алдын ала болжам бойынша батыс бағытта келе жатқан Kia Sportage жүргізушісі "Алматы-Көпек-Көктал" тас жолының 40 шақырымында бұрылмақ болған Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқан, содан кейін инерция бойынша қарсы бағытқа шығып кетіп Toyota Ipsum көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан Volkswagen Golf-тің 24 жастағы жүргізушісі зардап шекті, 13 жасар жолаушысы Есік қаласының ауруханасына апара жатқан кезде көз жұмды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944299-almaty-oblysynda-us-koliktin-qatysuymen-bolgan-zol-apatynan-13-zastagy-bala-qaza-tapty/

pixel