Қызылордада көлігімен суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында өзенге көлігімен түсіп кеткен жігіттің денесі сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Көлік ішінде қалып қойған 27 жастағы азаматты іздестіруге жедел-құтқару жасағынан 1 техникамен 5 адам барды.

"Құтқарушылар 04.20-да су асты іздестіру жұмыстарын бастады. Сағат 09:22-де автокөлік сыртқа шығарылды. Оның ішінен 1994 жылғы жүргізушінің денесі шығарылып, туыстарына тапсырылды", - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылордада көлігімен өзенге түсіп кеткен ер адам іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944482-qyzylordada-koligimen-suga-batyp-ketken-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

jitsu gif