БҚО-да іздеу жарияланған екі ер адамның бірінің денесі табылды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысында полиция іздестіріп жатқан екі ер адамның біреуінің денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болды. Осы ауылда тұрған 39 жастағы ер адам 25 қараша күні түнгі сағат 01.00-де үйінен шығып кетіп оралмаған.

Іздестіру іс-шаралары барысында марқұмның денесі 27 қараша күні ауыл маңында Жайық өзенінің жағасынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Ал Январцев ауылының 34 жасьтағы тұрғыны 23 қарашадан бері табылмай жатыр. Қазіргі кезде оны іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 57 адамға іздеу жарияланса, соның 8-і табылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944550-bqo-da-izdeu-zariyalangan-eki-er-adamnyn-birinin-denesi-tabyldy/

jitsu gif