Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік ұрлап қашып бара жатқан оралдық азамат жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
Көрнекі фото: piqsels.com

Орал қаласының полиция қызметкерлері көлік ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына ұшыраған.

Шығын 1 500 000 теңгені құрап отыр.

Полицейлер оқиғаның Сарытау шағынауданында болғанын хабарлады.

Белгісіз біреу түнгі уақытта 33 жастағы әйелдің BMW-318 автокөлігін ұрлап кетіп, кейін жол апатына түскен.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 29 жастағы ер адам болып шықты.

Сараптама қорытындысы бойынша күдікті қылмыс жасаған кезде мас күйде болмаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944620-kolik-urlap-qasyp-bara-zatqan-oraldyq-azamat-zol-apatyna-usyrady/

pixel