Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 қабаттан құбыр арқылы түскен: Қостанайда жас қыз биіктен құлап, көз жұмды

Опубликовано:

Ғимарат
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда 23 жастағы қыз биіктен құлап кетіп, қаза болды. Өңірлік полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай қаласы полиция басқармасының 102 пультіне 30 қараша күні таңғы сағат 05:20 шамасында қоңырау түскен.

Тәртіп сақшылары алдын ала тергеу барысында 23 жастағы қыз бесінші қабаттан су ағатын құбыр арқылы түспек болған. Алайда аяғы тайып, құлап кеткен.

Қала тұрғыны жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған.

"Қазіргі уақытта болған жайттың мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Еске сала кетсек, 29 қарашада Павлодарда құрылыс алаңында 39 жастағы бетоншы құлап кеткенін жазған едік.

Ол соғылып жатқан нысанның үш метр биіктігінен құлаған. Салдарынан жарақат алған бетоншы ауруханаға жеткізілді.

Одан бөлек, 9 қараша күні Көкшетауда құрылыс жұмыстары кезінде 55 жастағы жұмысшы 9- қабаттан құлап, мерт болды.

Дәл сол күні Алматыда құрылыс алаңында 25 жастағы жігіттің қайтыс болғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944715-5-qabattan-qubyr-arqyly-tusken-qostanaida-zas-qyz-biikten-qulap-koz-zumdy/

pixel