Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлық-зомбылық белгілері бар": БҚО-да жеті күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pxhere.com

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі жеті күннен кейін Жайық өзенінен табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомство мәліметінше, 30 қараша күні Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінен 34 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылған.

Тәртіп сақшылары марқұм 23 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткенін еске салды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында приурал полиция бөлімі Январцев ауылының тұрғынын анықтап, қолға түсірген.

Полицейлер күдікті қылмысты жасағанын мойындағанын жеткізді.

Ол Қазақстан республикасы Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944836-zorlyq-zombylyq-belgileri-bar-bqo-da-zeti-kun-buryn-zogalgan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel