Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдегі жантүршігерлік жол апаты: Land Rover жүргізушісі екі адамды қағып, ізін суытқан

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/mysemey

1 желтоқсан күні кешке Семейде жаяу жүргіншілер жолында жас қыз бен жігітті көлік қағып кетті. Салдарынан 20 жастағы азамат қайтыс болды. Ал оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ақырында қолға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан жерде жатқан жігіт пен полицейлерді байқауға болады.

ШҚО полиция департаментінің дерегінше, 1 желтоқсан күні сағат 22:20- да Семейдегі Қабанбай батыр және Гетте көшесінің қиылысында Land Rover көлігінің 29 жастағы жүргізушісі екі адамды қаққан. Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өткен.

Жол апатынан кейін көлік рөлінде отырған азамат ізін суытқан. Оқиға салдарынан 20 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты, ал 16 жастағы қыз дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 345- бабы 3- бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) және 347- бабы (ЖКО орнын тастап кету) бойынша жүргізіліп жатыр.

"Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жалғасып жатыр",- деді өңірлік ПД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944894-semeidegi-zantursigerlik-zol-apaty-land-rover-zurgizusisi-eki-adamdy-qagyp-izin-suytqan/

pixel