Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйел болып киініп алған пәтер тонаушы ұсталды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматыда әйелдер киімін киіп, пәтер тонаған ер адам ұсталды. Ол соңғы рет қала тұрғынының құны төрт миллион теңге тұратын гауһар тасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті өзге тұрғындардың пәтерін сай келетін кілтпен ашып, негізінен зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кетіп отырған. Ол бірнеше рет бейнекамералардың обьективіне түсіп қалған.

Кейін құйтырқы әрекеттерін әйел болып киініп, жүзеге асыра бастаған.

"Оның соңғы жасаған қылмысы қараша айының басында тіркелген. Жетісу-2 шағын ауданында пәтерден төрт миллион теңге болатын бағалы заттарды алып шыққан.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас сегіз оқиғаға қатысы бар екені дәлелденді", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталған азамат 50 жастағы Ресей Федерациясының тумасы болып шықты. Ол бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу мерзімінде қамауда болу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945008-almatyda-aiel-bolyp-kiinip-algan-pater-tonausy-ustaldy-video/

pixel