Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында мас жүргізушіні тоқтатпақ болған полиция қызметкері ауыр жарақат алды (видео)

Опубликовано:

Тәртіп
Көрнекі фото: Polisia.kz

Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіні тоқтатпақ болған полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Қазақпарат.

2 желтоқсан күні 14.00 шамасында Қошқарбаев көшесінде қызметін атқарып жүрген қалалық патруль полициясы мамандандырылған батальонының аға инспекторы Архат Рақышев Howo машинасын байқап, оны тоқтатпақ болған.

Себебі жүк көлігі апаттық жағдай туғызып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан екен.

Көліктің жүргізушісі тәртіп сақшысы ескертпесіне құлақ аспай, қозғалысын жалғастырған.

Ол көлікті тоқтатуға тырысып, радиостанса арқылы оқиға орнын көрсетіп, әріптестерінен көмек сұрайды.

Содан кейін көліктің кабинасына секіріп мінеді. Алайда жүргізуші оған қарсылық көрсеткен. Салдарынан аға инспектор жол бойына құлаған.

Тәртіп сақшылары көліктің жолын жауып, ақыры тоқтатып, күдіктіні ұстады.

Сараптама тәртіпке бағынбаған ер адамның орта дәрежеде мас болғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдікті уақытша изоляторға қамалды.

Көлік коммуналдық тұрақта тұр.

29 жастағы полиция капитаны Архат Рақышев ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер полицейдің өмірі үшін күресіп жатыр.

Айта кетейік, тәртіп сақшысы 2015 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945030-nur-sultan-qalasynda-mas-zurgizusini-toqtatpaq-bolgan-policiya-qyzmetkeri-auyr-zaraqat-aldy-video/

pixel