Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрылыс басында екі жұмысшы төбелесіп, соңы кісі өлімімен аяқталды

Опубликовано:

Құрылыс басындағы құрылысшы
Көрнекі сурет: Pixabay

Алматы облысында құрылыс басында жұмысшылар ішімдік ішіп, жанжалдасып қалған. Текетірестің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растап отыр.

Ведомство мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданының Айдарлы ауылында болған.

Тәртіп сақшыларына 32 жастағы азаматтың пышақ жарақатымен ауруханаға түскендігі жөнінде хабарлама түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтап, жедел-іздестіруге кіріскен полицейлер 37 жастағы Ұзынағаш ауылының тұрғынын қолға түсірді.

"Күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Оның сөзінше, жәбірленуші екеуі бірігіп ішімдік ішкен, артынан екеуінің арасында жанжал туындап, ол бөтелкелесінің ішіне пышақ жарақатын салған. Айғақ зат ретінде пышақ тәркіленді", - делінген хабарламада.

32 жастағы жәбірленуші алған жарақатынан 2 күннен кейін ауруханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945046-almatyda-qurylys-basynda-eki-zumyssy-tobelesip-sony-kisi-olimimen-ayaqtaldy/

pixel