Павлодар облысының тұрғыны бұрынғы әйелінен өш алу үшін мектепті өртеген

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Кирилл Брага

Павлодар облысы Новопокровка ауылында ер адам бұрынғы әйелі жұмыс істейтін мектепке келіп, өш алу мақсатында есікке дизель отынын құйып, өрт қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция дерегінше, ауыл округының тұрғыны таңғы сағат 4 шамасында белгісіз біреу мектепке кіретін есікті өртеп жібергенін айтқан. Оқиға 2 желтоқсан күні болған. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстауға кірісті. Күдіктінің тұлғасы тәулік өткен соң ғана белгілі болды.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері көрші ауылдың 34 жастағы тұрғынын ұстады. Айтуынша, ол мас күйде бұрынғы әйелі жұмыс істейтін мектепке барған. Одан кек алу үшін мектептің сыртқы есігіне дизель отынын құйып, өртеп жіберген",- деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, мектепке зақым келмеді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауыл тұрғыны 9 млн теңге айыппұл төлеуі немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945216-pavlodar-oblysynyn-turgyny-buryngy-aielinen-os-alu-maqsatynda-mektepti-ortegen/

jitsu gif