Павлодарда басына гүл шоғы құлаған аула сыпырушы полицияға арыз түсірді

Опубликовано:

Гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда аула тазалап жүрген әйелдің басына гүл шоғы құлады. Күтпеген сыйлыққа қуана қоймаған келіншек полиция қызметкерлерін шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Павлодардағы Малайсары батыр көшесінде болған.

35 жастағы ер адам солған гүлдерді қоқысқа апарып тастаудың орнына терезеден лақтыруға шешім қабылдаған.

Гүл шоғы аула тазалап жүрген әйелдің басына құлаған. Осылайша, келіншек тәртіп сақшыларын шақырған. Аула сыпырушы тәртіп бұзушының гүлдерді қоқысқа тастамағанына наразы болған.

Тәртіп сақшылары гүл шоғының иесін анықтап, оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ер адамға 15 мың теңге айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945286-pavlodarda-basyna-gul-sogy-qulagan-aula-sypyrusy-policiyaga-aryz-tusirdi/

jitsu gif